24 қараша 2021 09:30

56 жастағы алматылық алғаш рет Қазақстанның төлқұжатын алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

polisia.kz polisia.kz

56 жастағы алматылық алғаш рет Қазақстанның төлқұжатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


56 жастағы алматылық алғаш рет Қазақстанның төлқұжатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон полициясы қызметкерлері ешбір құжатсыз жүрген, оның ішінде әлі күнге дейін КСРО құжатымен жүрген адамдарды анықтау мақсатында біршама жұмыстар атқарып келеді.

"Белгілі болғандай, азаматтар қолдарында ешқандай құжат болмағандықтан, біраз мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде денсаулық сақтау, білім алу, әлеуметтік көмек, зейнетақы сияқты қызмет түрлерін мүлдем ала алмайды. Және ешқайда заңды түрде жұмысқа орналаса алмайтындығы белгілі. Мұндай тұлғаларды әшкерелеу оңайға түспейді. Себебі ондай азаматтардың азаматтығын анықтап, жеке төлқұжат рәсімдеу үшін біршама уақыт керек. Алғаш рет жеке куәлік алатын азаматтар 1974 жылы берілген паспорт негізінде жеке куәлік рәсімдеп, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде танылады. Жыл басынан бері тек қана біздің аудан бойынша жеке басын анықтау куәлігі жоқ 14 азамат анықталды", - деп хабарлады Алматы қаласы Түркісіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Құжатсыз жүрген азаматтардың бірі - 1965 жылы туылған Бейбіт Хасенов. Ол КСРО паспорты негізінде ҚР-ның жеке куәлігін рәсімдеді. 5 қараша күні дайын құжатты қолына алды.

"Бұл азаматтың өмір тарихы басқа да құжатсыз жүрген азаматтар сияқты. Шығыс Қазақстан облысының тумасы КСРО құжатын ауыстыру үшін қажет құжаттарды дайындап, бірақ белгісіз себептермен рәсімдеуді аяқтамаған. Әркімге жалданып, еңбек еткен. Алматы қаласында тұрып, ІІО-на құжат рәсімдеуге өтініш беріп, барлық керекті анықтамалар жинағаннан кейін төлқұжат алды. Өкінішке орай, әлі күнге дейін құжатсыз жүрген азаматтардың басым көпшілігінің тұрмыстық жағдайы өте төмен деңгейде. Осы орайда біз құжатсыз жүрген азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша көші-қон полициясына құжат рәсімдеу үшін өтініш берулерін сұраймыз", – деді Амантаев.

Сілтемесіз жаңал ық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети