02 қараша 2020 15:44

5G-таратқыштағы COV-19 жазуы түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде форма киген белгісіз ер адамның 5G-таратқышына арналған монтаждау тақтасын көрсеткен видеосы тарап жатыр. Құрылғыдан COV-19 жазуы көрінеді. Ролик авторының айтуынша, бұл коронавирус инфекциясының 5G сигналдары арқылы таралатынын дәлелдейді, - деп хабарлайды Stopfake.kz.


Желіде форма киген белгісіз ер адамның 5G-таратқышына арналған монтаждау тақтасын көрсеткен видеосы тарап жатыр. Құрылғыдан COV-19 жазуы көрінеді. Ролик авторының айтуынша, бұл коронавирус инфекциясының 5G сигналдары арқылы таралатынын дәлелдейді, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Сондай-ақ, видеода автор көрсеткен бөлшектің SCART коннекторы бар екенін байқауға болады, ол теледидар мен басқа видеоқұрылғыға, мысалы, бейнемагнитофонға немесе DVD ойнатқышқа қосылу үшін пайдаланылады. Қазір коннекторлардың бұл түрлері ескі болып саналады. Олардың орнына HDMI порттары кеңінен қолданылады.

Видеоны мына жерден көруге болады.

"Бұл COV-19 таңбалары жазылған ешқандай компоненттері болмаған өте ескі теледидардың тіркемесінен алынған. Оның мобильді интернет-желілеріне, сондай-ақ 5G қолдануға еш қатысы жоқ", – деді Virgin Media компаниясының өкілі Саймон Дорнан Associated Press-ке жазған хатында.

Ролик авторының 5G желілерінің қауіпі туралы басқа мәлімдемелеріне де еш негіз жоқ екені айтылады.

Еске салайық, 5G желілері мен COVID-19 байланысы ДДҰ сайтында да жоққа шығарылған болатын.

"Вирустар радиосигналдармен немесе ұялы байланыс толқындарымен таралмайды. COVID-19 індеті 5G желілері тартылмаған көптеген елде тарап жатыр",-  делінген ұйымның ресми интернет-порталында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети