03 тамыз 2020 16:34

6 жасар қызды ұрламақ болған оралдықтың әрекеті видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда белгісіз ер адам алты жасар қызды ауладан алып кетпек болған. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді.


Оралда белгісіз ер адам алты жасар қызды ауладан алып кетпек болған. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Әлеуметтік желілердегі кадрларда ересек ер адам қызға жақындағанын көруге болады. Қысқа әңгімеден кейін ол баланы күштеп белгісіз бағытқа алып кетеді. Кейінірек кадрларда бейтаныс тағы бір адам оны тоқтатып, қыздан итеріп жібереді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана (@42500_tenge)

Полиция департаменті өкілі видео 2 тамызда кешке түсірілгенін хабарлады.

"Орал қаласы ПБ Зашаған полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз ер адамның Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласынан алты жасар қызды алып кеткісі келгені туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта қыздың анасы жазған өтініш тіркелді. Ер адам анықталып, ұсталды. Ол мас болған", - деп атап өтті БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Полицейлер оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқанын, содан кейін процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети