05 желтоқсан 2014 15:31

7 жастағы баланың өліміне кінәлі атыраулық дәрігерлер 5 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында үстіне борщ құйылған кастрюль құлап, денесі күйген 7 жастағы баланың өліміне кінәлілер жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прокуратура Ганюшкин ауылының орталық ауруханасында тексеріс жұмыстарын бастап кетті. Ұл бала емдеу мекемесінде көз жұмған, ал баланың туған туыстары оған уақытында көмек көрсетілмеді деп сендіріп отыр.

"Қазақстан қылмыстық кодексінің "Науқасқа көмек көрсетпеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс медициналық персоналдарға қатысты қаралып жатыр (орталық аурухананың - Авт.), баланың өліміне байланысты фактілер тексеріледі. Тергеу нәтижелерін қосымша хабарлаймыз", - дейді Атырау облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мамандары. Аталған бап бойынша айыптыларды бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. 

Оқиға 2 желтоқсанда облыстың Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында болған. Баланың үстіне қайнап тұрған борщ толы кастрюль құлап, денесі күйіп қалған. Дәрігерлер алдына барған баланың анасы мен баласына жақпа май беріп, үйлеріне қайтарған.

Келесі күні баланың үйіне барған учаскелік дәрігер жедел жәрдем шақыртқан. Бала Ганюшкин ауылының орталық ауруханасына жеткізілген, бірақ ол 20 минуттан соң көз жұмды. Бала ауырудан есеңгіреп қаза тапты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети