7 мамыр күнгі әскери шеруді TengrinewsTV тікелей көрсетеді

06 Мамыр 2014, 15:56
0
7 мамыр күнгі әскери шеруді TengrinewsTV тікелей көрсетеді - ©Mod.gov.kz
©Mod.gov.kz

7 мамыр күні болатын әскери шеруді TengrinewsTV мен 24.KZ телеарнасы онлайн көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Онлайн-трансляция ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің қолдауымен іске асырылады. Отан қорғаушы күніне арналған шеру Астанадағы "Қазақ елі" алаңында өтеді. Трансляция сағат 11.40-та басталады деп жоспарланып отыр.

Шараға Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктері мен ҰҚК Шекара қызметінің және Республикалық ұланның шерулік топтары қатысады. Сонымен бірге, шеруде аталған министрліктердің әскери техникасы мен авиациясы көрсетіледі. Барлығы 250 техника шығарылады, сондай-ақ 56 ұшу аппараты бар. Жаяулар колоннасының салтанатты маршына 2000 әскери қызметші жұмылдырылған, оның 1500-і - ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамынан. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай