19 шілде 2023 17:27

77 миллион ​​теңгеге көлік. Ақтөбе облысы тұрғындарын әкімдіктің мемлекеттік сатып алулары таңғалдырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Мемлекеттік сатып алулар сайтында екі электрмобиль сатып алуға лот пайда болды. Тапсырыс беруші - Ақтөбе облысының Әкімдік істері басқармасы, онда 77 миллион теңгеге екі көлік сатып алу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Мемлекеттік сатып алулар сайтында екі электрмобиль сатып алуға лот пайда болды. Тапсырыс беруші - Ақтөбе облысының Әкімдік істері басқармасы, онда 77 миллион теңгеге екі көлік сатып алу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Әр электрмобильге 38 миллион 990 мың теңге төлеу жоспарланған. Сұранымда электрмобильде толық жетек, кемінде 5 орындық және 4 есік болуы керек делінген. Максималды қуат: 77 киловатт-сағатта кемінде 325 ат күші.

Сондай-ақ, көлікте екі аймақтық климаттық бақылау, кілтсіз ашу, дисплейі бар мультимедиялық жүйе, тұрақтандыру жүйесі, тежегіштер, алдыңғы қауіпсіздік жастықтары, қашықтан жиналатын артқы орындықтар, жарық пен жаңбыр датчиктері болуы керек.

Жеткізуші тиісті органдарға автокөлікті тіркеу үшін құжаттардың толық пакетін ұсынуға міндетті.

Әзірге конкурс өткен жоқ, деп жазады басалым.

Ақтөбе облысының әкімдік істері басқармасы облыс әкімдігінің қолданыстағы көлік паркін жаңарту қажеттілігіне байланысты екі электрмобиль сатып алуға конкурс жарияланғанын түсіндірді.

"Олардың басты артықшылығы - электр қуатының арзандығы мен экологиялық тазалығы. Электрмобильдерді пайдалану нәтижесіне қарай паркті одан әрі жаңарту мәселесі қарастырылады", - делінген жауапта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети