85 жылдан кейін қазақстандық жауынгердің отбасы оның тағдыры туралы білді

Мейірман Лес
Мейірман Лес Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

85 жылдан кейін қазақстандық жауынгердің отбасы оның тағдыры туралы білді Александр Шитовтың фотосы

Қостанай облысынан шыққан жауынгердің отбасы 85 жыл бойы оны хабар-ошарсыз кетті деп санап, белгісіздікте өмір сүрді. Ондаған жыл өткен соң ғана Мәскеу түбіндегі шайқаста қаза тапқан Павел Большаковтың тағдырын анықтауға көмектескен ажал бойтұмары (смертный медальон) туған-туыстарына табыс етілді. Ол майданға 17 жасында аттанған. Туыстарының айтуынша, ол алғы шепте болу үшін жасын бірнеше жылға үлкейтіп жаздыруы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Павел Михайлович Большаковтың сүйегін ресейлік "Военная археология" іздестіру жасағының жауынгерлері 2009 жылы Мәскеу облысы Дорохов ауданы Капань ауылының маңында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде тапқан болатын.

"Ғайыптан аман қалған сарбаз бойтұмарының арқасында жауынгердің кім екенін анықтап, оның есімін қайта жаңғырту мүмкін болды", - дейді павлодарлық "Майдан жолы" іздестіру-зерттеу жасағының командирі Александр Шитов.

Павел Большаков 1924 жылы сол кездегі Кустанай облысы, Михайловка ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Қарабалық ауданының Федоров аудандық әскери комиссариаты арқылы мобилизацияланған. Ол кезде оның жасы небәрі 17-де еді. Үйде оны анасы Анна Кардапалова мен қарындасы күтіп қалған болатын.

Мұрағаттық деректер базасында қазақстандық сарбаз 1921 жылы туған деп көрсетілген, тек сарбаз бойтұмарында ғана нақты туған жылы жазылған.

"Ол кезде көптеген жасөспірім майданға аттану үшін жасын үлкейтіп айтатын, біздің атамыз да өзіне бірнеше жас қосып жаздыруы мүмкін деп ойлаймын. Алғы шепке жіберілмес бұрын ол қысқа мерзімді офицерлік курстардан өткен", - дейді батырдың шөбере інісі Сергей Макин.

"Мемориал" орталық деректер базасының ақпараты бойынша, сержант Большаков 82-ші мотоатқыштар дивизиясының бөлімшесіне қолбасшылық еткен.

"1941 жылдың күзінде бұл дивизия Мәскеуге жақын маңда, Кубинка кентінің батысында Полушкино, Крутицы және Ляхово ауылдары маңындағы шептерді қорғап, кескілескен шайқастарға қатысты. Дәл осы жерде Мәскеу түбіндегі шайқас кезінде біздің жерлесіміз ерлікпен қаза тапты", - деп атап өтті Шитов.

Дегенмен, 1942 жылдың қыркүйегінен бері ол хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болды.

Жауынгердің табылған сүйегі Акулово ауылындағы әскери мемориалға жерленді. Бұл – 1941 жылы Мәскеуді қорғаған 32-ші Қызыл Ту атқыштар дивизиясының сарбаздарына арналған ескерткіш кешені. Ол Мәскеу облысының Одинцово қалалық округінде, Кубинка қалалық қонысында (Кубинка-10 әскери қалашығы) орналасқан.
Ресейлік іздестірушілер сарбаздың бойтұмарын табыстау үшін қазақстандықтың туыстарын ұзақ жылдар бойы өз бетінше іздеген. Тек павлодарлық әріптестеріне жүгінгеннен кейін ғана батырдың отбасы табылды.

"Биыл ақпанда біз іздеу жарияладық, тура бір айдан соң жауынгердің туыстары хабарласты. Бірақ бойтұмардың жеткен жолы ерекше символикалық мәнге ие болды. Жәдігер отбасының қолына тимес бұрын мыңдаған шақырымды артқа тастады. Бойтұмар Мәскеу облысынан Сахалинге, кейін Павлодарға, содан соң Астанаға жеткізілді. Бұл ұзақ жол Отан қорғаушылар туралы естеліктің қашықтық пен уақытқа бағынбайтынының символына айналды", - дейді Шитов.

Жауынгердің жеке затын табыстау рәсімі Астанадағы "Отан қорғаушылар" монументінің етегінде өтті. 85 жылдан кейін отбасы өз жақынының тағдыры туралы шындықты білді.

"Ол майданға аттанғанда жалғыз қарындасы – біздің әжеміз – небәрі 8 жаста болған. Әжеміздің айтуынша, ол өте мейірімді, ақкөңіл, көңілді және өте батыл болған. Бірнеше музыкалық аспапта ойнаған, әсіресе мандолинаны жақсы көрген. Біз ол туралы бала кезімізден білеміз. Атамызды мақтан тұтамыз және оның тағдырын анықтауға көмектескен іздестірушілерге алғыс айтамыз", - деді батырдың шөбере қарындасы Анна Макина толқынысын жасыра алмай.

Фотосуреттерді Александр Шитов ұсынды

Павел Большаковтың туыстары бүгінгі күнге дейін оның туған ауылы Михайловкада тұрады, 17 жасар бозбаланы үйіне "қайтарған" баға жетпес жәдігер де осында сақталады.

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 57 ардагері тұрады. Жеңістің 81 жылдығына орай олардың әрқайсысына 5 миллион теңгеден төленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін елімізде қанша тыл еңбеккері, ардагерлерге теңестірілген азаматтар бар екенін және оларға қандай қолдау шаралары қарастырылғанын хабарлаған болатын. Толығырақ осы жерден оқи аласыздар.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +27
Ақтау +30
Ақтөбе +32
Атырау +32
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +31
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +30
П
Павлодар +30
Петропавл +30
С
Семей +33
Т
Талдықорған +32
Тараз +36
Түркістан +26
О
Орал +31
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер