26 қаңтар 2019 14:30

Air India ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайының баспасөз қызметінен Сурет "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайының баспасөз қызметінен

Air India ұшағы жолаушының өзін жайсыз сезінуіне байланысты Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана уаықтымен таңғы 07:30-да "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайына Дели - Чикаго бағытымен ұшып бара жатқан Air India әуекомпаниясының әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі - ұшақтағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген (астма диагнозы)", - делінген таратылған хабарламада. 

 Әйел адамды екі туысының сүйемелдеуімен қалалық № 2 ауруханасына жеткізді. Boeing 777 ұшағының бортында 341 жолаушы және 19 экипаж мүшесі болған. 

"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында ұшаққа жанармай құйып, техникалық бақылаудан өтті. Әуе кемесі Астана әуежайынан 12:03-те Чикагоға ұшып кетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети