Forbes ең бай қазақстандықтардың тізімін жариялады

20 Наурыз 2017, 23:13
0
Forbes ең бай қазақстандықтардың тізімін жариялады - © Тengrinews.kz коллажы
© Тengrinews.kz коллажы

Forbes журналы жыл сайынғы әлемдік миллиардерлер тізімін жариялады. Жаһандық тізімде бес қазақстандық миллиардер бар. 

Қазақстандық миллиардерлер тізімінде көш бастап тұрған - Қазақстан теннис федерациясының басшысы әрі бұрынғы Қазақстан Президентінің іс басқарушысы Болат Өтемұратов. Биыл журнал оның дәулетін 2,3 миллиард долларға бағалады. 2016 жылы да осындай көрсеткіш болатын. Әлемдік рейтингте Өтемұратов 896-орында тұр, алдыңғы жылмен салыстырғанда ол 125 позицияға түскен. 

Ең бай адамдар тізімінде қазақстандық үш миллиардер екінші орынды өзара бөлісті, олар - "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы басшысы Владимир Ким және Тимур мен Динара Күлібаевтар. Олардың дәулеті 2,1 миллиард долларға бағаланған (жалпы тізімде 973-орында). 2016 жылы Күлібаевтардың қаражаты 2 миллиардқа тең болған, ал Владимир Кимнің байлығы - 1,5 миллиард доллар болған. 

Үздік бестікте қазақстандық миллиардер, ERG кен өндіру компаниясының иелік ететін, "Еуразиялық банк" АҚ президенті Алиджан Ибрагимов. Оның қаражаты бір жыл ішінде 300 миллионға өсіп, 1,9 миллиард долларға жеткен. Әлемдік рейтингте ол 1908-орында тұр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай