14 қыркүйек 2015 11:31

Qazaq Air әуе компаниясы жаңа рейстер ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

QazaqAir жаңа рейстерін ісек қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


QazaqAir жаңа рейстерін ісек қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап әуе компаниясы Қостанай мен Алматы арасына жаңа бағыт ашады. Алматы - Қостанай бағытында ұшу 2 сағат 35 минутқа созылады деп жоспарланып отыр. Рейс 78 орындықтан тұратын BombardierQ400 ұшағы арқылы орындалады.

Эконом класпен бір бағытта ұшу құны - 15 496 теңге. Сонымен қатар, жақын арада Қазақстанның батыс бағытында жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр: Шымкент - Ақтөбе, Ақтөбе - Атырау, Қостанай - Ақтөбе.

Еске сала кетейік, Qazaq Air әуе компаниясының таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Шараға қатысушылар Qazaq Air компаниясының бірінші бортын көрсетті - Bombardier Dash 8 Q400 жаңа заманның екі қозғалтқышты турбовинт ұшағы.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети