Sinooil өкілдері бензин құю бекетіндегі атышулы видеоға қатысты түсінік берді

29 Қараша 2016, 18:27
2
Sinooil өкілдері бензин құю бекетіндегі атышулы видеоға қатысты түсінік берді - Видео кадрлары
Видео кадрлары

Sinooil компаниясының өкілдері Алматыдағы жанармай бекетінде түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоның авторының айтуынша, ролик "Сайран" автобекетінің маңындағы жанармай құю бекетінде түсірілген. Кадрлардан банзин құтысының тілінде пистолеттен жанармай ақпай тұрса да, сандардың жүгіріп жатқанын көруге болады. Ер адам көлігінің бензин багына 70 литр сиятынын айтады, бірақ оған 78 литр құйылғаны туралы түбіртек берілген. Сондай-ақ, оның айтуынша, көліктің бензин багында біршама жанармай болған.

Sinooil өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта бұл жанармай бекетінде механикалық қате шыққан. "Ешқандай да алдау болған жоқ. Бұл механикалық қателік. Онда шланганың ішіндегі шланга үзіліп кеткен. Пистолет істен шыққан. Бұл біздің қателігіміз, пистолеттің істен шыққанына жол бергеніміз қателік болды. Жанармай бекетінде ауысым болған шығар, содан қызметкерлер аппараттың істен шыққанын бір-біріне айтып үлгермеген болуы керек. "Оператор бұл құтыға бензинді қателіктен қосып жіберген. Бензин көлікке ішінара құйылды, ішінара басқа шлангаларға кетіп, ол жақтан сұйықтық жерге төгілген. Клиентке толықтай бензин құйылды. Ал өтпей қалған бензин басқа шлангаларға кетіп, жерге төгілген. Ол жақта аз ғана бензин болды. Бензин тақтада көрсетілген есеп бойынша құйылды, онда ешкімнің арам ниеті болған жоқ. Бізде бағдарламамен қамтылған және ешқандай да ұрлық болмауы тиіс", - деп түсіндірді Sinooil бас дирекорының орынбасары Ерлан Сартбаев.

Оның айтуынша, оқиға биыл 27 қарашаға қараған түні болған. Сартбаев клиенттің алған 60 литр бензин үшін ақша төлегенін атап өтті. Сондай-ақ, ол істен шыққан шлангтың жөнделгенін және істеп тұрғанын хабарлады. Сонымен қатар, компания клиентті сараптамаға шақырды. 

"Біз клиентпен хабарластық, ол тәуелсіз сарапшысымен келуге дайын. Біз оған жағдайдың қалай болғанын, біздің әрекетімізде ешқандай да ережебұзушылықтың жоқ екенін көрсетеміз. Бізде барлығына пломба қойылған, белгілі бір құралдар бар, ол арқылы барлығын өлшеуге болады. Біз ашық саясатты ұстанамыз және барлығына де көрсетіп бере аламыз. Осыдан кейін ол жазбаша түрде өз сөзін жоққа шығаруға дайын. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта ол бізге келе алмайды, бірақ апта соңына дейін келіп-кетуге уәде берді", - деді бас директордың орынбасары.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай