Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Tengrinews.kz порталындағы "Жеңімпаздар" жобасы ҚР Қорғаныс министрлігінің байқауында үздік деп танылды

24 Маусым 2015, 12:58
0
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Tengrinews.kz порталындағы "Жеңімпаздар" жобасы ҚР Қорғаныс министрлігінің байқауында үздік болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Жеңімпаздар" жобасында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар туралы мәліметтер базасы бар. 

"Өз аталарын мақтан ететін және есінде ұстайтын адамдар арқылы қазақстандық ардагерлердің тағы бір мәліметтер базасын құрастыру мақсатында осы жоба дүниеге келген болатын. Мұны архив болады деп айтпаймыз. Бұл Tengrinews пен оның оқырмандарының күшімен жинақталған картотека. Қалаған адам өзінің ата-бабасы жайлы, жанұясындағы қаһарман жайлы мәліметтерді жібере алады, себебі соғыспен байланысты әрбір отбасы ұмыт қалмауы тиіс. Бұл ұлттың негізін қалайтын құндылық, егер Ұлы Отан соғысымен байланысты тарихымызды сақтап, қалпына келтірмесек, болашағымыздың белгілі бір бөлігін жоғалтамыз деген сөз. Жобаның мақсаты осы", - деді "Жеңімпаздар" жобасының авторы Батыр Қазыбаев.

Ол бұл жобаны жасаудың мотивтерінің бірі деп тарихты қайта жазып шығуға кедергі келтіру екенін атады. "Көрші елдердегі Ұлы Отан соғысына деген көңіл-күй, қайта бағалау және тағы да басқалары тарихи шындықты өзгертуге байланысты болып отыр. Меніңше, ол дұрыс емес. Себебі мен кеңес кезінде өмір сүрдім, ордендердің сыңғырлаған дыбысын естідім. Қазіргі уақытта сол дыбыстың үні шықпай бара жатыр", - деді "Алаш Медиа Групп" холдингінің басшысы. Айта кетейік, бұл холдинг құрамына Tengrinews.kz сайты мен Tengri FM радиостанциясы кіреді.

Tengri FM радиостанциясының "Мәңгі жадымызда! Ұлы Отан соғысы әйелдерінің тағдыры" жобасы да ҚР Қорғаныс министрлігінің конкурсында атап өтілді. Таяуда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде және 9 мамыр - Жеңіс күнінде радиостанция эфирінде күн сайын 40-тан аса әскери оқиғалар оқылды. Бұл оқиғалар ұрыс алаңдарында, еңбек майданында Жеңіске жеткен әйелдер жайлы. Жоба Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік театрының және "Жас сахна" жастар театрының қатысуымен жүзеге асты. 

"Бұл оқиғаларды адамдар өздері әкелді. Оларды кәсіби әртіс эфирден оқыды. Мәтіндерді форматқа сәйкестендіріп, жазып жатқан кезімде көзіме жас келді. Әрине, адамның жүрегіне тиетіндей етіп жазғымыз келді", - деді Tengri FM радиосының жаңалықтар қызметінің жетекшісі әрі жоба басшысы Ирина Лелявская. Ол жоба авторы Жан Қастеевтің жобаны жасау туралы идеясының ақпан айында пайда болғанын және олардың 2 наурыздан бастап шыға бастағанын айтып берді.

"Жеңімпаздар" жобасының іске қосылатыны туралы 2014 жылдың 9 мамырында хабарланған болатын. Бірнеше ай ішінде соғыс ардагерлерінің туыстары мен жақындарынан жүздеген хат келді. Хаттар майдангерлердің сұрапыл шайқастар туралы жан ауыртар естеліктері мен олардың ерлігіне деген мақтаныш сезімдеріне толы. Tengrinews.kz сайтының "Жеңімпаздар" жобасына ардагерлердің оқиғасын WhatsApp мессенджері арқылы жіберуге болады. Редакцияға әдейі таңдалған +7 70 09 05 1945 номерін "АЛТЕЛ" ұялы байланыс операторы ұсынып отыр. Оқиғаны жіберу кезінде ардагердің толық мәліметі, аты-жөні, туған күні, жылы, әскерге шақырылған жері, шені, жасақ түрі, сонымен қатар бірнеше суреті қыстырылуы тиіс.  

Қорғаныс министрлігінің байқауы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналды. Интернет-басылымдардың, газеттердің, телевизия мен радиолардың тілшілері бес аталым бойынша марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 70 жұмыс келіп түскен. 

Қорғаныс министрлігінің БАҚ департаментінің басшысының айтуынша, жеңіске жеткен жобалар жарияланымдардың бірегейлігіне байланысты таңдалды. "Бұл жұмыстар өз саласында ерекше және осы заманның бедерін көрсеткендіктен таңдалды. Себебі әскери тақырыптағы жұмыстармен ешкімді таңғалдыра алмайсың, алайда бүгін аталған жарияланымдар мен сюжеттер шын мәнінде қызықты болды", - деді департамент басшысы.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай