24 қыркүйек 2014 13:41

"А" корпусы қызметкерлерінің жартысы жұмыссыз отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ortcom.kz ©ortcom.kz

"А" корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің жартысы жұмыссыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровқа сілтеме жасап.


"А" корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің жартысы жұмыссыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровқа сілтеме жасап.

"А" корпусына өткен азаматтардың 50 пайызы бүгінде, шынымен де, жұмыссыз отыр, оларға әлі жұмыс ұсынылған жоқ. Өйткені олардың мерзімі шектеулі. Жұмысқа ие болмаған үміткерлердің тапсырған тестілеулері мен аттестациялары белгілі бір уақыттан кейін күшін жояды", - деді Парламент Мәжілісі депутаттарының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы заң жобасына қатысты сұрақтарына жауап берген Қожамжаров.

Қожамжаровтың айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесі қайта қарауды талап етеді. Атап айтқанда, ол тестілеудің қажеттілігіне күмән келтірді. "Сіздер жақсы білесіздер, тесттен өту үшін адамдардың өз таныстарын іздейтінін жасыруға болмайды, міне, нағыз жемқорлық. Шынын айтқанда, біздің өзіміз тестілеудің өткізілуіне онша қанағаттанбаймыз. Сондықтан тестілеуді мүлдем алып тастау керек. Неге? Себебі тестілеу жемқорлықты туғызады", - деді агенттік басшысы.

Ол "А" корпусына үміткерлердің халықтың бағасы бойынша іріктелуі керек екенін айтты. "Халық ол адамға қандай баға берсе, сол - оның қызметінің шынайы бағасы. Біз барлық кедергілерді алып тастауымыз қажет, сондықтан, қараңыздар, қанша лайықты адам "А" корпусына өте алмай қалды", - деді Қожамжаров.

Оның айтуынша, қазір агенттіктің алдында жастар арасынан талантты адамдарды табу міндеті тұр. "Мысалы, Малайзияда егер азамат 35 жасқа дейін мемлекеттік қызметке орналаса алмаса, ол келешекте бұл бағытта жұмыс істей алмайды, оған бизнеске баруға кеңес беріледі. Мен біз де осыны ұстануымыз керек деп ойлаймын", - деді ол.

"Біз теориялық білімді ғана емес, өмірлік, кәсіби дағдыларын да кешенді түрде бағалауымыз керек, бұл бір жағынан тестілеу жүйесіндегі жемқорлық деңгейін төмендетеді", - деді Қожамжаров.
 

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети