Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Абаев әлеуметтік желілердегі ақау жайлы: Менде проблема болған жоқ 04 қыркүйек 2017, 11:15

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2 және 3 қыркүйек күндері әлеуметтік желілерге кіруде кедергіге ұшырамағанын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2 және 3 қыркүйек күндері әлеуметтік желілерге кіруде кедергіге ұшырамағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетесек, 2 қыркүйекте түнгі уақытта WhatsApp мессенджері істен шыққан болатын. Астана мен Алматы, Қарағанды және басқа қалалардың тұрғындары бір-біріне хабарлама жібере алмай қалғанын айтқан. Ал 3 қыркүйекте кешкі уақытта Instagram мен WhatsApp жұмыс істемей қалған. 

Журналистердің 2 және 3 қыркүйекте Қазақстан территориясында әлеуметтік желілерге кіруде шектеулердің бар-жоғы жайлы сұраққа ол ешқандай да кедергісіз әлеуметтік желілерге кіре алғанын айтты. 

"Бұған қатысты пікір білдіру қиын, себебі өз басымда ешқандай да проблема болмады. Ақау барлық қазақстандықта болды деп ойламаймын", - деді Абаев Парламент палаталарының біріккен отырысының үзілісінде.


Join Telegram