23 маусым 2016 17:39

Абаев шетелдік телеарналарда жарнама көрсетуге салынатын тыйымның пайдасын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ancormedia.ru © ancormedia.ru

1 шілдеден бастап шетелдік телеарналар эфирінде жарнама көрсетілуіне салынған тыйым күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында еске салды. 


1 шілдеден бастап шетелдік телеарналар эфирінде жарнама көрсетілуіне салынған тыйым күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында еске салды. 

"Естеріңізде болса, бұл заң 2015 жылғы қазан айының соңында қабылданып, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енуі қажет еді. Алайда, кабельдік операторлар тарапынан норманың іске асырылу мерзімін ұзартуға қатысты көптеген өтініштер түсіп, мемлекет кабельдік операторлардың жағдайын түсініп, дайындық уақытына жарты жыл берді. Осы уақыттың ішінде шетелдік телеарналармен тікелей келіссөздер жүргізілді. Олардың кейбіреуі қазірдің өзінде жарнамасыз контентті ұсынып отыр. Бұған Viasat тобының рейтингілік арналарын (TV 1000, Explore, History, Viasat Sport және т.б.) мысалға келтіруге болады", - деп жазды министр.

Оның айтуынша, Discovery компаниясымен жүргізілген келіссөзде де біз тиімді нәтиже болған. Яғни осы компанияға қарасты 15 арнаның 13-і біздің еліміздің Заңын орындау үшін тиісті техникалық жабдықтаманы сатып алды. Қалған екі арна Қазақстан үшін арнайы бөлек нұсқаларын шығаратын болады.

Сонымен қатар министр жақын арада елімзіде Discovery арнасының өкілдігі ашылатынын хабарлады. "Басқа шетелдік арналарға келетін болсақ, "Қазтелерадио", "Қазақтелеком", "АлмаТВ" секілді еліміздің ірі кабельдік операторлары эфирден жарнамасы алып тасталған шетелдік телеарналар сигналын жеңілдікпен басқа операторларға ұсынуға дайын. Ал, шағын абоненттік базалары бар кабельдік операторлар болса 1 шілдеден бастап отандық заңнаманың нормаларын орындамайтын арналарды өшіруге немесе ауыстыруға міндеттеледі.
Әрине, техникалық жағынан да, келіссөздер тарапынан да жекелеген қиыншылықтар бар. Алайда, біздің министрлік Заңның барынша қатаң орындалуын және қазақстандық көрермендерге ешқандай зиян келтірмеу үшін барлық жағдай жасайды", - делінген Дәурен Абаевтың жазбасында.

Абаевтың айтуынша, бүгінде қазақстандықтар әртүрлі кабельді желілер арқылы 150 телеарнаны көріп отыр, оның ішінде 70 пайызы - шетелдік. Оларға еліміздің "Телерадиохабар тарату туралы", "Тіл туралы", "Жарнама туралы" заңдарында қарастырылған көп шектеулер қойылмайды екен. Мұндай жағдай отандық телеарналар мен шетелдік телеарналар арасында теңсіздік орнатып отырғаны да айтылады.

Сонымен қатар, көптеген шетелдік арналарда лицензиялау мен сертификаттаудан өтпеген немесе Қазақстан нарығында тыйым салынған тауарлар мен қызметтердің жарнамасы (мысалы ішімдіктің) көрсетіледі. "Осылайша, отандық арналар жарнамалық нарық қаражатының қомақты бөлігін ала алмаған. Бұл ақшаға отандық телевизияның жағдайын жақсартып, инфрақұрылымды дамытып, қызықты әрі сапалы қазақстандық бағдарламалар, фильмдер, сериалдар мен шоулар жасауға болар еді. Біз жүргізіп отырған саясат түсіністік тауып, қазақстандықтардың қолдауына ие болатынына, жақын арада жағымды нәтиже беретініне сенімдімін", - деп жазды министр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети