26 маусым 2023 10:36

Абай облысында балалар үйінің директоры мен бас есепшісі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысында Үржар ауданының прокуратурасы Науала балалар үйі әкімшілігінің 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Абай облысында Үржар ауданының прокуратурасы Науала балалар үйі әкімшілігінің 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Балалар үйінің директоры мен бас есепшісі өздеріне жоғары жалақы төлеп, артық сыйақы мен іссапар шығындарын өздеріне аударған.

"Ұрлық дерегі штаттық кесте мен қазынашылық есептерді салыстыру кезінде анықталды. Онда төленуі тиіс және нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық анықталды. Сондай-ақ, "Өлі жандар" деп аталатын жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленген. Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша прокуратурамен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің сотқа дейінгі тергеуі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүктелді.

Бұл баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу арқылы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші орынбасары Дмитрий Малахов Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа жол берген облыстардың бірін және үздік үштікті атаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети