23 маусым 2023 15:56

Абай облысында қаржы пирамидасын құрған енесі мен келіні сотталды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Абай облысында енесі мен келіні қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.


Абай облысында енесі мен келіні қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша А-ның 2020 жылы аса ірі көлемде ақша жинаудан пайда табу мақсатында қылмыстық ниет пайда болған.

"Осы мақсатта А есімді әйел қаржы пирамидасын құру және басқару жоспарын жасады. Оған ол өзінің келіні Е есімді әйелді тартты. Берілген тапсырмаға сәйкес, келіні салымшыларды тартумен, олардың тізімін жасаумен, аударылған қаражаттарының есебін жүргізумен және оларды салымшылар арасында қайта бөлумен айналысқан", - деді ведомство өкілдері.

Алға қойған мақсаттарына жету үшін әйелдер WhatsApp желісі мен Telegram арнасында топ ашқан. Онда салымшыларды тарту үшін олар маркетингтік жоспарлар түріндегі ақпаратты орналастырған.

"Олар пирамидаға қатысушыларды үйрету үшін "қораптар" деп аталатын топ ашып, ол жерде пайыздар бойынша салымдар мен төлемдердің мөлшерін анықтап отырған. 2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында аса ірі мөлшерде 230 миллион теңгеге жуық қаражат жинаған.

Сот оларды Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша кінәлі деп танылып, азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", - деді қылмыстық атқару департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети