12 маусым 2023 13:00

Абай облысындағы ауыл тұрғындары эвакуация туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысындағы Бұлақ ауылының тұрғындары қазіргі жағдайларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Абай облысындағы Бұлақ ауылының тұрғындары қазіргі жағдайларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орман өртінен шыққан қою түтін салдарынан Бұлақ ауылынан 80 тұрғын Семейге көшірілді. Ауыл тұрғындары өздерін жақсы сезінетінін айтты. Эвакуация пункттерінде олар азық-түлікпен және қажет заттармен қамтамасыз етіледі. Өрт болған жерде әкімдік еріктілермен бірлесе отырып, тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

"Кеше қатты түтін болды, әкімдік төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге бізді эвакуациялады. Эвакуация жақсы өтті, бізді автобуспен Семейге жеткізді. Эвакуациялау пунктінде қажет нәрсенің бәрі бар. Өрттің аяқталуын күтіп сосын үйлерімізге ораламыз", - деді Жиенгүл Құрмашова.

Бүгінге дейін Семейдегі үш эвакуациялық пунктке 150-ге жуық адам орналастырылды. Оның ішінде Талица, Половинки және Бұлақ ауылдарының тұрғындары да бар. Қалада 9 эвакуациялық пункт орнатылған, олар қажет болған жағдайда 800-ге жуық адамды қабылдауға дайын.

Суреттер: Абай облысы әкімдігінен

Еске салайық, Абай облысында 60 мың гектар аумақтағы ірі орман өрті салдарынан Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Новошульбі филиалындағы 14 қызметкері қаза тапқан болатын. Орман өртін сөндіруге 1500-ге жуық адам, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Орман шаруашылығы комитетінің, ІІМ және Қорғаныс министрлігінің 300-ден астам техникасы жұмылдырылды.

12 маусым – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Аза тұту белгісі ретінде ел аумағында тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети