13 маусым 2023 13:00

Абай облысындағы өрт үшін Даниал Ахметов жауапқа тартылуы мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы орман өртіне кім жауапты екенін және кім жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы орман өртіне кім жауапты екенін және кім жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер премьер-министрдің бірінші орынбасарынан Абай облысындағы 14 адамның өмірін қиған алапат өрт үшін нақты кім жазаланатынын сұрады.

"Абай облысының бөлінгеніне бір жыл ғана болды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің жауапкершілігі тексеріле ме" - деп сұрады журналистер.

"Семей орманы" қорығы облыстың емес, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құзырында", - деп жауап берді Роман Скляр.

Журналистер экология министрі Зүлфия Сүлейменованың өрт болған аймаққа бірден бармай, не үшін Астана халықаралық форумына барғанын сұрады.

"Форум өткен күні, түстен кейін өрт шықты. Масштабы нақты бағаланбай, қатты жел соғып, күннің ысуы 38 градус температураға дейін жетіп, ормандағы өрт өте тез тарады", - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Ол қазір прокуратураның тексеру жүргізіп жатқанын және оның аясында барлық кінәлілер жауапкершілікке тартылатындығын айтты.

Осыған дейін облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков "Семей орманы" алқабындағы өрттің шығуына екі рет найзағай түсуі себеп болғанын айтқан. Құқық қорғау органдары Абай облысындағы жаппай өрттің себебін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети