1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Әблязов халықтың наразы көңіл-күйін туғызады - Бас прокуратура 13 наурыз 2018, 11:49

Бас прокуратура өкілдері Орталық коммуникациялар орталығы алаңында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Бас прокуратура өкілдері Орталық коммуникациялар орталығы алаңында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәлімдемесінде Мұхтар Әблязовтің шетелде қашып жүріп, заңға қайшы әрекетін жалғастырып жатқаны айтылады. 

"ҚР Конституциясы талабын бұза отырып, әлеуметтік желілер мен парақшалар арқылы халыққа үндеуін тарату арқылы Әблязов азаматтарды ҚДТ-ға өтуге шақырады, қазіргі биліктің жағымсыз бейнесін жасап, халықтың наразы көңіл-күйін туғызады. Осылайша қоғамдық араздық пен алауыздық туғызады", - деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Оксана Лоскутова. 

"ҚДТ жетекшісі Мұхтар Әблязовтің және оның белсенділерінің мақсаты бейбіт наразылық акциясын жасаймыз деген талай тұжырымына қарамастан, билікті құлату және басып алу. Мұндай әрекеттер экстремизмге қарсы әрекет заңы бойынша саяси экстремизм әрі мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыс болып саналады", - деді ол.



Join Telegram