30 қаңтар 2017 | 16:28

Әблязовтың орынбасары болған Жарымбетов: Мен қашудан шаршадым

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"БТА Банк" акционерлік қоғамындағы ақша жымқыруға қатысы бар деп айыпталып отырған Жаксылық Жарымбетов Қазақстанға неліктен қайтып келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"БТА Банк" акционерлік қоғамындағы ақша жымқыруға қатысы бар деп айыпталып отырған Жаксылық Жарымбетов Қазақстанға неліктен қайтып келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"17 күні мені Түркияның шекарашылары жалған төлқұжатпен ұстады. Полицияда отырып бәрін ой елегінен өткіздім де, елдегі Қазақстанның бас консулдығына хабарласуды сұрадым. Интерпол тізімінде болғандықтан 20 күні мен Қазақстанға қайтарды. 21 күні Астанада ҰҚК тергеу абақтысына қамалдым. Бірден айтайын, ешкім мені азаптаған жоқ. Кей құқық қорғау ұйымдары маған қауіп төніп тұр деп ойлады, олай емес бәрі жақсы. Мұнда ешқандай саясат жоқ. Мен банктен ақша жымқырды деп күдікке іліндім. Бұл істе соңғы нүктені сот қояды. Сот қандай үкім шығарса да, қабыл аламын. Бұдан Әблязов сияқтылар бір пайда көргісі келіп, журналистерге басқаша ақпарат беріп, бұл жағдайды саясиландырғысы келеді. Бұл қажетсіз деп білемін", - деді Жарымбетов БАҚ өкілдерімен өткізген брифинг барысында.

Оның айтуынша, ол 8 жыл қашып жүрген. "Көп уақыт Англияда болдым, ол жерде саяси статусым бар. Кейін Еуропада біраз уақыт, Түркияда. Тұрмыс тіршілігіме Әблязовтың адамдары, өзі де көмектесті. Жиған-тергенім де болатын. 1989 жылдан бері бизнестемін ғой қайткенімен. Банкке жұмысқа кіргенге дейін де тұрмысым жақсы болатын", - дейді Жарымбетов.

Жарымбетовтың сөзінше, қазіргі кезде ол кітап жазып жатыр. 

"Ауыр жүктен арылғандаймын. Басында-ақ осылай істеу керек еді, бірақ, түрлі жағдайлар болды. Мен процессуалдық норманы мойындаймын, мен ол іске қатысты болғаным үшін кінәлімін, бірақ жағдай басқаша болды. Әрине, мен қорықтым. Ешкім ештеңе анықтамай, бәрін түрмеге жабатындай елестеді. Өзің үшін емес, отбасым қолдаусыз, көмексіз қалады деп. Мен қорқақ емеспін", - деді ол.

"Әр істің соңы болады. Мен тергеуге көмектесіп жатырмын, жауабы табылмаған мәселелерді анықтап бергім келеді. Оң нәтижесі болады деген үміттемін. Бұл маған да, мен шетелде қашып жүргенде сотталып кеткен және әлі де қашып жүрген адамдарға да пайдалы", - деді Жарымбетов. 

"Мен компанияға жұмыс істедім, жалдамалы менеджермін, түсінесіздер. Банк басшылығы мен акционерлері міндет қояды. Әрине, біз ұлттық банктің процессуалдық нормалары мен өзге де заңдарды бұздық. Мұндайға саналы түрде бардық. Қазақстанда бизнес жүргізудің қалыпты көрінісі деп ойладық. Барлығы осылай істейді деген ойда едік. Ұрлық болған жоқ, мен ешкімнің қалтасына түскен жоқпын. Енді ешқайда қашпаймын, шаршадым. Өзге елде қуғында жүргім келмейді. Үш күнде адам тозаққа да үйренеді дейді ғой. Бәріне де шыдауға болады", - деп аяқтады сөзін бұрынғы банкир. 

Сонымен бірге, Жарымбетов 2012 жылдан бері Мұхтар Әблязовпен еш хабарласпағанын айтады. Адвокаттың сөзінше, мемлекетке еш шығын келмеді, банкке ғана зиян тиген.

2009 жылдың 2 наурызында Бас прокуратура Мұхтар Әблязов, банктің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетов пен сыбайластарына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Күдіктілерге халықаралық іздеу салынған еді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer