30 қазан 2020 11:31

Әблязовтың сыбайласы Грузиядан экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newsmir.info © newsmir.info

"БТА Банкі" АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі, басқарушы директоры Асылмұрат Рамазанов Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.


"БТА Банкі" АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі, басқарушы директоры Асылмұрат Рамазанов Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

"2020 жылғы 29 қазанда бас прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемдесуімен Грузиядан "БТА Банкі" АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі, басқарушы директоры Асылмұрат Рамазановты экстрадициялады.

Ол 249 миллиард теңгеден аса қаражатты БТА Банкінің активтерін Мұхтар Әблязовтың ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастығы мүшелерімен бірлесіп ұрлағаны үшін іздестірілген", - делінген хабарламада.

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Рамазанов Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүрген.

"Алайда қазақстандық құқық қорғау органдарының грузин әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында оны Грузияның ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта Рамазанов Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети