Абзал Әбдіқадыров ұлттық экономика вице-министрі болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абзал Әбдіқадыров ұлттық экономика вице-министрі болды Абзал Әбдікәрімов. Фото:primeminister.kz

Абзал Әбдікәрімов ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Kings College London, University of London, IE Business School бітірген. Ол - Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы коммерциялық ұйымдарда бастаған.

2014-2015 жылдары - "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас маманы, директоры.

2015-2016 жылдары - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департаментінің жоба жетекшісі.

2016-2019 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігінде министрдің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментінің директоры.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +24
Ақтау +25
Ақтөбе +18
Атырау +23
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +21
П
Павлодар +20
Петропавл +21
С
Семей +27
Т
Талдықорған +32
Тараз +31
Түркістан +19
О
Орал +19
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер