25 ақпан 2016 12:42

Әділ Қабылда Мәскеу мемлекеттік университетінің "Жыл студенті" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/pavktlforboys © instagram/pavktlforboys

Павлодарлық Әділ Қабылда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің "Жыл студенті" аталымында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Отандасымыз жоғары оқу орнының үздік студенттерінің бірі деп танылды. Бұл жөнінде ЖОО-ның ресми сайтында жарияланды.

Әділ Қабылда Павлодардағы қазақ-түрік лицейінің түлегі. Ол ММУ грантына ие болған, қазір химия факультетінің бірінші курсында оқиды.

Еске сала кетейік, Әділ Қабылда 2014 жылы мамырда 48-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысып, химия пәні бойынша күміс медаль иеленді. Додаға 15 мемлекеттен 100-ден аса жоғары сынып оқушылары қатысқан. Олимпиада 3 турдан тұрды. Екі тур теориялық білімді сараласа, үшіншісі практикалық білікті сарапқа салған. 

Әділ Қабылда (сол жақта) өзге жүлдегерлермен бірге. © msu.ru

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети