07 шілде 2016 09:22

Адвокаттар Астананың миллионыншы тұрғынына пәтер берудің заңдылығына күмән келтіріп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жангелді Сүлейменов пен Джохар Өтебеков. © Voxpopuli.kz/Tengrinews.kz Жангелді Сүлейменов пен Джохар Өтебеков. © Voxpopuli.kz/Tengrinews.kz

Қазақстандық танымал адвокат Жангелді Сүлейменов Астана әкімдігінің елорданың миллионыншы тұрғынының ата-анасына пәтер беру туралы шешімінің заңдылығына күмән келтіріп отыр. Бұл туралы ойын ол Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында білдірді.


Қазақстандық танымал адвокат Жангелді Сүлейменов Астана әкімдігінің елорданың миллионыншы тұрғынының ата-анасына пәтер беру туралы шешімінің заңдылығына күмән келтіріп отыр. Бұл туралы ойын ол Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында білдірді.

"Бір Алла бұл сәбиге денсаулық пен бақыт берсін! Заң тұрғысында қала тұрғыны дегеніміз тұрғылықты жері бойынша тіркелген азамат. Бұл тұрақты түрде тұрып жатқан немесе тұрып жатқанына 3 айдан асқан тұрғындар, яғни ұзақ уақытқа іссапармен келгендер болуы мүмкін. Осылайша, заң бойынша "Астананың миллионыншы тұрғын тұрғылықты жері бойынша тіркелді" деу керек еді. Сондықтан сәби тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде ғана Астана тұрғыны атанады. Сонда сәбиді тіркемейінше ешкімді тіркемеу керек және шығармау керек пе? Бұл жерде заңды сұрақ пайда болады: сонда 1 000 000-шы болып кімнің тіркелгенін қайдан білуге болады? Ол Астанаға 3 айдан ұзақ уақытқа келіп, есепке тұрған кез келген болып шығуы мүмкін. Шетелдік азамат болуы да мүмкін. Немесе жазасын өтеп келген адам да болып шығуы мүмкін. Сонда оларға да пәтер сыйлайтын ба еді? Мен мұның шоу екенін білемін, десе де мұны заңды түрдегі факт ретінде емес, онда пиар-қадам ретінде көрсетуі керек. Сонда шығатыны, бізде азаматтарды тіркеудің нақты есебі жоқ. Әрине, мұны да бір кішігірім шалалық деп есептеуге болады. Бірақ біздің елімізде осындай жағымсыз дүниелер көп. Жанұяға пәтер сыйлағанына қуаныштымын, бірақ мұндай сыйлықтың заңдылығына қатысты сұрақтар пайда болып отыр. Егер мұны дұрыс жасағысы келсе, шетелдегідей осы күні немесе осы аптада туған нәрестелердің барлығын миллионыншы тұрғын деп есептеп, барлығына пәтер беруі тиіс. Сондықтан, осы күні туған нәрестелердің ата-аналары сотқа бере алады, осыдан кейін әкімдік өздері келтіріп отырған деректі дәлелдеуі керек болады. Мұны сол күні есепке тұрған кез келген адам талап ете алады. Астананы миллион адамы бар қала ретінде жариялағандар бұл жайлы заңгерлермен ақылдаспаған, оған сенімдімін. Мен әкімнің пәтер беру туралы қаулысын көргім келеді, сонда бұл құжатқа шын мәнінде "Астананың миллионыншы тұрғынына" деп жазды ма екен?", - дейді адвокат. 

Ал Джохар Өтебеков Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында пікірінің осыған ұқсас екенін айтып отыр. "Мен мұның заң тұрғысындағы негізін түсінбеймін, әкімдік спортшыларға, ата-аналарға, өзгелерге қалайша пәтер береді? Мен бұл адамдардың еңбектерін бағалап отырған жоқпын. Жағдайдың этикалық бөлігіне тиіспеймін: мәселе оның заңдылығында. ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына және оның жекешелендіруіне мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана берудің тәртібін бекітеді. Мұндай баспананы алуға ұзақ уақыт бойы кезекте тұрған азаматтар бар. Ал біз жергілікті биліктің заң талабынан өз қалауына айналып өтіп, кезекте тұрмағандарға үйді таңдап беріп жатқанын көріп отырмыз. Олардан ресми түрде түсінік алғымыз келеді, кезекте тұрғандар бұдан зардап шекпей ме? Мәселеге жалпы қарап көрсек, әкімдіктердің жылжымайтын мүлік беру жағдайын заңды тұрғыда шешу керек - оны сыйға берудің тәртібін заңда көрсетіп жазайық немесе тіпті де алып тастайық", - деп есептейді Өтебеков. 

Еске салайық, Астана әкімдігі "Астанада миллионыншы тұрғын дүниеге келді" деп хабар таратқан еді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қалаcы №1 перинаталдық орталықта сағат 01.00-де дүниеге қыз келді. Қыздың ата-аналары - №9 "Нұршашу" балабақшасының тәрбиешісі 22 жастағы Арайлым Мұхамедияр мен "Астана-РЭК" электр жабдықтарының маманы Олжас Мұхамедиярдың тұңғышы дүниеге келіп отыр. Айта кетейік, қызға Саида деген есім қойылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети