05 ақпан 2014 19:55

Аграрлық университет заңсыз пайда тауып келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ ұлттық аграрлық университеті. ©Нұрғиса Елеубеков Қазақ ұлттық аграрлық университеті. ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті мемлекет мүлкі болып саналатын өз аумағын заңсыз жалға беріп келген. Бұл туралы Tengrinews.kz Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды. «Университеттің аумағында жалпы ауданы 1646,6 шаршы метр болатын қоғамдық тамақтану орны анықталды, ол республикалық бюджетке қаржы аудармастан орынды заңсыз жалға алған. Бұл нысанның қызмет етуінен 2011 жылдың 01 қаңтарынан 2012 жылдың 21 желтоқсанына дейінгі аралықта республика қазынасына 21 млн 556 мың 329 теңге аударылмаған», - делінген прокуратураның хабарламасында. Прокурорлар Алматы қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне ұсыныс келтіріп, соның нәтижесінде аталған сома мемлекеттің пайдасына өндірілді. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мүліктік кешенінен аумақты заңсыз иеленіп отырған басқа да нысандар анықталды. Қадағалау органы өкілдерінің мәліметінше, университет өз аумағын зертханаларға, компьютер сыныптары мен спорт үйірмелеріне, асханалар мен жатақханаларға және кітапханаларға заңсыз жалға беріп келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети