18 ақпан 2014 13:14

Ахметов мал шаруашылығын дамытпаған аудан әкімдерін жұмыстан босатуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Марат Абилов© Фото Марат Абилов©

Қазақстанның Үкімет басшысы Серік Ахметов мал шаруашылығын дамыту саласының көрсеткішін нашарлатып алған 10 аудан әкімін жұмыстан босатуды ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың айтуынша, фермерлік шаруашылықтардың аналық мал басын тұқымдық түрлендірумен қамту көрсеткіші бойынша ең нашар нәтиже көрсетіп отырған 10 аудан бар, оларда көрсеткіш екі-ақ пайызды құрайды екен. "Неге сіз министр ретінде осы мәселені көтермейсіз? Сіздер бұл көрсеткішпен алға қойылған міндетті орындай алмайсыздар ғой. Аналық мал басын жақсарту ең негізгі мәселе, бұл ірі қара мал етінің экспорттық әлеуеті жасалған біздің барлық сұлбамыз, бұл база. Сондықтан облыс әкімдерінің алдына мәселені төтесінен қоямын. Көрсеткіші төмен аудан әкімдерін қызметінен босату туралы шешім шығаруы тиіс. Мен тиісті хатты Мемлекет басшысына көрсететін боламын",- деді Ахметов. Премьер министр С.Ахметов осыдан екі жыл бұрын барлық ауыл әкімдеріне мал шуаруашылығын сапалы дамыту міндеті қойылғанын еске алды. "Неге осы екі жылда кейбір аудандарда бұл саланы дамыту көрсеткіші 2 және 0 пайызбен тұр?",- деп Ауыл шаруашылығы министріне бұрыла қарады. "Біз әкімдердің бұл міндеттен қол үзіп кеткенін көріп отырмыз", - деп жауап берді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети