12 қазан 2016 15:02

АИТВ жұқтырғандарды РҚЕ-терапиясымен қамту көрсеткіші 2015 жылы 79 паыйзды құрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© jasqazaq.kz © jasqazaq.kz

5-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы тұрғысынан Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдер тобының қатарына кіреді. Бұл туралы Алматыда "АИТВ: кеше, бүгін, ертең" тақырыбында өткен бірінші Ұлттық конференциясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан-2050 стратегиясы сайтына сілтеме жасап.
 
"Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында АИТВ-ны диагностикалау, емдеу мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде халықтың осал топтары арасында АИТВ-ның таралуын шоғырланған сатыда ұстап тұру мүмкіндігі пайда болды. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша, елімізде АИТВ инфекциясы бар адамдар (әрі қарай - АБА) саны 17 726-ны құрады. Бұл "15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы" Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанның ауру көрсеткіші 0,18%-ді құрайтын елдер тобына кіруіне мүмкінік берді", - деп атап айтты Елжан Біртанов.

Ол Қазақстанның АИТВ-мен сырқаттанған пациенттер үшін ретровирусқа қарсы емдеуді (әрі қарай - РҚЕ) тегін (мемлекеттік бюджет есебінен) жүргізетін Орта Азиядағы бірден бір мемлекет екенін мәлімдеді.

Туберкулез, безгек және ЖИТС-пен күрес Жаһандық қорының қолдауымен ҚР ДСӘДМ ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу республикалық орталығы ұйымдастырған шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мишель Казачкин, ЮНЭЙДС Орталық Азия мен Шығыс Еуропа үшін аймақтық қолдау көрсету тобының директоры Патрик Салдана, Туберкулез, безгек және ЖИТС-пен күрес Жаһандық қорының Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша аймақтық менеджері Николя Канто, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардағы денсаулық сақтау басқармаларының, ЖИТС аймақтық орталықтарының, ҮЕҰ басшылары қатысты.  

Конференция барысында Қазақстанда жүзеге асырылатын АИТВ инфекциясымен күрес шараларының тиімділігі талқыланды.  

ҚР-дың табысы ортадан жоғары деңгейдегі елдердің қатарына енуіне байланысты донорлық көмек айтарлықтай азайтылды. Сонымен бірге, көптеген профилактикалық шараларды бюджеттік қаражат есебінен мемлекет қолдап отыр.  Атқарылған шаралар нәтижесінде елімізде АИТВ-ні емдеу саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. АИТВ бар адамдарды (әрі қарай - АБА) РҚЕ-терапиясымен қамту көрсеткіші 2005 жылғы 43%-дан 2015 жылы 79%-ға дейін артты. РҚЕ-терапиясы қолжетімділігінің артуы нәтижесінде ЖИТС-тан болатын АБА өлімі көрсеткішінің төмендеу тенденциясы байқалады. Бұл олардың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан халқы үшін АИТВ-ға тестілеу барша тұрғындар үшін қолжетімді. АИТВ-ны анықтауға жыл сайын 2 млн-нан астам адам тестілеуден өтеді.АИТВ инфекциясы бар әйелдер мен олардан туған балалар ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес республикалық бюджет есебінен профилактикалық ем қабылдайды.

Конференция аяқталатын күні (13 қазан) 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған "2030 жылға қарай АИТВ/ЖИТС індетін жою" тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге бағытталған шешімдері бар Қарар қабылданатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети