16 тамыз 2018 | 09:01

Әкесі таспен ұрған бала ауруханадан шығарылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда Шығыс айналма жолында табылған 4 жасар Мұхаммед Асқароғлы ауруханадан шығарылды. Бала қазіргі уақытта бетінше жүре бастады, - деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Шығыс айналма жолында табылған 4 жасар Мұхаммед Асқароғлы ауруханадан шығарылды. Бала қазіргі уақытта бетінше жүре бастады, - деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

№2 клиникалық балалар ауруханасының емдеу ісі бойынша бас дәрігердің меңгерушісі Аида Аханбекова баланың физиологиялық емдеудің толық курсынан өтіп, дәрі-дәрмекпен ем алып, массаж алғанын айтты.

"Баланың жағдайы жақсарды: өз бетінше жүре алады, сөйлей бастады, логопедпен жұмыс істедік. Бүгін бала ауруханадан шығарылды. Оңалтудың екінші курсын үш айдан кейін алуды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады Аида Аханбекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын. Кейінірек ол сотта санкция жайлы айтылып жатқанда жылап жіберген еді. 1985 жылғы ер адамның бетон зауытында жұмыс істейтіні белгілі болды. Үйленген, екі ұлы бар. Осыған дейін сотты болмаған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") қылмыс жасады деген күдікке ілінген болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer