24 қараша 2014 15:22

Әкім қарамағындағыларды Головкиннің қолғабымен жазалайтын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қарамағындағыларды Геннадий Головкин сыйға тартқан қолғаппен жазалауға уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Басылымның мәліметінше, Геннадий Головкин өңір басшысымен кездесті.


Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қарамағындағыларды Геннадий Головкин сыйға тартқан қолғаппен жазалауға уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Басылымның мәліметінше, Геннадий Головкин өңір басшысымен кездесті.

Әбдібеков Геннадий Головкинге жеңісі мен ұлтжандылығы үшін алғыс білдірді, сонымен қатар Қарағандыдағы спорттың дамуы жайлы әңгімеледі. Қазақстандық чемпионға қарағандылық жас суретшінің картиналары сыйға тартылды. Головкин болса Қарағанды облысының әкіміне боксқа арналған қолғабына қолын қойып, сыйлады. Шенеунік оған алғысын білдіріп, міндетіне салық қарайтын қарамағындағыларды жазалайтынын айтты.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Геннадий Головкин Астанаға келіп, Мартин Мюррермен жекпе-жегінің алдындағы баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлерімен кездесті. Мұнымен қатар чемпион "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасында өткен Қазақстан Кубогының финалына қонақ болды. Айта кетейік, футбол матчы 22 қарашада "Астана Аренада" өтті. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Геннадий Головкин 18 қазан күні АҚШ-та (орта салмақта WBA (Super) және IBO бойынша) өз атағын абыроймен қорғады. Ол жекпе-жектің екінші кезеңінде мексикалық Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсіріп, WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион белбеуін иеленді. Головкин келесі жекпе-жегін 2015 жылы 21 ақпанда Монакода өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети