Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Геннадий Головкин: Астанада жекпе-жек өткізуге болады

22 Қараша 2014, 12:00
0
Геннадий Головкин Астанада баспасөз мәслихаты кезінде. ©Тұрар Қазанғапов
Геннадий Головкин Астанада баспасөз мәслихаты кезінде. ©Тұрар Қазанғапов
Геннадий Головкин Астанада баспасөз мәслихаты кезінде. ©Тұрар Қазанғапов
Геннадий Головкин Астанада баспасөз мәслихаты кезінде. ©Тұрар Қазанғапов
Геннадий Головкин Астанада баспасөз мәслихаты кезінде. ©Тұрар Қазанғапов
Геннадий Головкин Астанада баспасөз мәслихаты кезінде. ©Тұрар Қазанғапов
Олег Герман, Головкиннің менеджері. ©Тұрар Қазанғапов
Олег Герман, Головкиннің менеджері. ©Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин Астанада жекпе-жек өткізе алады. Бұл туралы бокстан WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы елордада өткен баспасөз мәслихатында баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен Астанаға келіп, әкіммен кездестім, жоспарларыммен бөлістім. Астанаға жекпе-жек сыйласам деген зор тілегім бар. Мұндай жекпе-жек өткізуге болады. Сондай жекпе-жек - бокстың үлкен кешін өткізгім келеді. Қашан екенін айта алмаймын, бірақ сондай ниетім бар", - деп мәлімдеді Геннадий Головкин. Айта кетейік, мұның алдында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Головкинге Астанада жекпе-жек өткізуді ұсынған еді. 

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 21 ақпанында Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюрреймен шаршы алаңда кездеседі. Боксшы келесі жекпе-жегін мамыр айында өткізетінін хабарлады. "Менің 21 ақпанда жекпе-жегім бар. Мамырда Сауль Канело Альвареспен және Мигель Коттомен үлкен кездесу өткіземін деп үміттенемін. Сонымен бірге, басқа міндеттемелер де бар. Белбеуді қорғаудың міндетті жекпе-жегін өткіземін", - деді боксшы. 

Геннадий Головкин өзіне қарсылас болуы әбден мүмкін боксшыларды атады. "Біз неміс телеарнасымен ынтымақтастықтамыз. Олар үнемі біздің жекпе-жегіміздің трансляциясын сатып алып тұрады. Маған оған қатысу ұнады. Артур Абрахам немесе Феликс Штурм. Бұлар менің қарсыластарым болуы мүмкін. Олар танымал, солармен кездесетін шығармын", - деді ол.

Қазақстан боксшысы мұның алдында 18 қазанда АҚШ-та шаршы алаңға шыққан еді. Головкин мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBA (Super) и IBO чемпиондары мәртебесін қорғады және WBC уақытша чемпионы белбеуін жеңіп алды. Кәсіпқой алаңда ол барлығы 31 жекпе-жек өткізді, бәрінде жеңіп шықты. 28 жекпе-жегін қарсыласын нокаутқа түсіріп аяқтады. Баспасөз мәслихатынан соң боксшы Назарбаев Университетіндегі жанкүйерлерімен кездеседі. Сонымен бірге, футболдан Қазақстан Кубогының "Қайрат" пен "Ақтөбе" командалары арасындағы финалдық матчын тамашалауды жоспарлап отыр. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай