25 қаңтар 2023 09:16

Әкім Қасымбек астаналықтардың интернет сапасына қатысты шағымдарына жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек астаналықтардың интернетке қатысты шағымына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің Instagram желісіндегі ресми аккаунтына сілтеме жасап.


Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек астаналықтардың интернетке қатысты шағымына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің Instagram желісіндегі ресми аккаунтына сілтеме жасап.

"Қаламызда мұндай проблемалар бары жасырын емес. Негізінен, құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандар мен елді мекендерде кездеседі. Сондай-ақ интернет құрылыс қарқынына ілесе алмай келе жатқан жағдай бар", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Әкімнің айтуынша, құрылыс компанияларына байланыс ғимараттарының да құрылысын ескеру тапсырылатын болады. Ал байланыс операторлары мен өзге де жауапты органдар құрылысты жоспарлауға қатысады. Бұл мәселелерді Ж.Қасымбек Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен, "Қазақтелеком" басшысы Қуанышбек Есекеевпен, ұялы байланыс операторларының өкілдерімен және тағы басқа органдармен пысықтаған.

"Қалада интернеттің сапасын жақсарту үшін бірнеше механизмді қолданамыз. Олар – оптикалық байланыс желілерін, антенна-діңгек құрылысын, FWA (Fixed Wireless Access) технологиясы бойынша базалық станцияларды орнату. Бұл жұмысқа инвесторларды да жұмылдырамыз.

Сонымен қатар, жарықтандыру және электр желісінің тіректері бойынша оптикалық байланыс желілерін жүргізу мәселесі пысықталды. Бұл елді мекендердегі интернет сапасын едәуір жақсартады. Көктал-1, Агроқалашық, Интернациональный, Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Тельман, Мичурин, Қазқалашық, Кирпичный елді мекендерінде оптикалық байланыс желілерін салу жұмысы жүріп жатыр. Тағы 3 елді мекен бойынша инвесторлар тартамыз.

Бірақ мұның өзі де жеткіліксіз. Қала күннен-күнге өсіп жатыр, ал елорда тұрғындары жыл сайын 50-60 мың адамға артып келеді. Қолда бар инфрақұрылымға мән беріп қана қоймай, болашақты ойлап, алдын ала дамыту қажет. Сол себепті алдымызда мұндай проблемалар санын азайту әрі құрылыс кезеңінде байланыс құрылымдарын қоса салу міндеті тұр", - деді Жеңіс Қасымбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети