08 қаңтар 2022 13:27

Әкімдік ғимараты қирап, өртенді, ал әкім Алматыда - Бабақұмаров

Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Әкімдік ғимараты қирап, өртенді, ал әкім Алматыда. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әкімдік ғимараты қирап, өртенді, ал әкім Алматыда. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әкім жұмыс істеп жатыр, бүгін Сағынтаев барлық ұйыммен қала өмірін қалыпқа келтіру бойынша жиналыс өткізді. Әкімдік ғимараты қирап, өртенген. Өрт сөндірілді. Ғимаратты тексеру бойынша қажет жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, залалды анықтау мен жөндеу жұмыстары бойынша қажет шаралар қабылданып жатыр. Бұл жұмыстар біртіндеп жүргізіледі", - деді әкімнің орынбасары.

Оның сөзінше, әкімдіктің барлық басқармасы қашықтан да, кеңседе де жұмыс істеп жатыр.

"Қаладағы жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар басталды. Белсенді фаза өткеннен кейін біз қосымша ғимаратқа көшетін шығармыз. Алматы әкімі ешқайда кеткен жоқ, ол қалада. Алғашқы күннен бастап жұмыс істеп жатыр, штаб әкімнің басқаруында", - деді Бабақұмаров.

Еске салайық, бұған дейін Ержан Бабақұмаров алматылықтарға үндеу жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети