23 қараша 2022 16:11

Әкімдік "Қазфосфат" жұмысшыларының ереуіліне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Әкімдік өкілдері "Қазфосфат" зауыты жұмысшыларының ереуілі түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әкімдік өкілдері "Қазфосфат" зауыты жұмысшыларының ереуілі түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жұмыс формасын киген ондаған ер адам сыртта жиналғанын көруге болады.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімдігі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, "Қазфосфат" ЖШС (НДФЗ) жұмысшылары өздеріне қатысты айтылған өрескел мәлімдемеге байланысты жиналған. Оны айтқан қызметкер "Қазфосфат" ЖШС цифрлық трансформация бөлімінің басшысы.

"Нәтижесінде зауыт аумағына 200-ден аса жұмысшы жиналып, олар жұмыскердің көпшілік алдында кешірім сұрап, жұмыстан шығарылуын талап етті. Бұл жерге облыс әкімінің бірінші орынбасары Календеров, облыс прокурорының орынбасары Ұласбекұлы және облыс ПД өкілдері, сондай-ақ аудан прокуроры мен әкімі болды. Жиналғандар алдында аудан прокуроры М.Естаев сөз сөйлеп, кәсіпорын басшылығының атқарып жатқан шараларынан хабардар етіп, тәртіпті сақтауға шақырды", - делінген хабарламада.

Қызметкер көпшілік алдында жұмысшылардан кешірім сұраған. Ол жұмыс берушінің бұйрығы бойынша, теріс негіздер бойынша жұмыстан босатылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети