01 желтоқсан 2023 | 15:22

Әкімге казиноларды Қонаевтан көшіру туралы сұрақ қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматы облысының әкіміне казиноларды Қонаевтан көшіру туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының әкіміне казиноларды Қонаевтан көшіру туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы мәселе Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көтерілді. Сұраққа жауап берген Марат Сұлтанғазиев Қонаевта орналасқан казино мен басқа да ойын орындары басқа қалаларға көшірілмейтінін атап өтті.

"Облыста бес казино және басқа да ойын бизнесімен айналысатын субъектілер бар. Ойын саласында жеті жарым мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ал Қонаевта 64 мың адам тұрады, бұл үлкен үлес. Сондай-ақ, былтыр ойын бизнесімен айналысатын субъектілер мемлекетке 90 миллиард теңгеге жуық қаржы төлеген", - деді Алматы облысының әкімі сауалға жауап бере отырып.

Әкім казиноларды Алматы облысынан көшіру мәселесі қарастырылып жатпағанын мәлімдеді. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Қонаев туристер үшін тартымды, ал ойын бизнесі қаланың артықшылығы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети