08 тамыз 2018 13:21

Ақмола облысында ата-анасымен жанжалдасқан соң үйінен кетіп қалған қыз табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay © Pixabay

3 тамызда Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылында тұратын 16 жастағы қыз үйден қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


3 тамызда Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылында тұратын 16 жастағы қыз үйден қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәмелет жасқа толмаған қыз ата-анасымен ұрысып қалғаннан кейін ескертпестен Астанаға кетіп қалған екен. Оның жүрген жері туралы ақпаратты қылмыстық полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған балалар үшін қолданылатын Astra bus жол-көлік картасын пайдаланғаннан кейін анықтаған. 

Мәліметтер бойынша, қыз Астана-Шымкент тасжолында автобусқа отырып, Шымкентке жол тартқан. Қалаға жеткеннен кейін танысына хабарласып, оны қарсы алып, туысының үйіне апаруын сұраған.

Целиноград Аудандық ішкі істер бөлімінің аға жедел уәкілі Қапаров Жарас қоңырау шалынған абоненттік нөмірдің иесі қайда екені жайлы сауалхат жазған.  

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, қазір жасөспірім анасымен бірге Шымкент қаласында. Оларға профилактикалық әңгімелесу өткізілген екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети