Ақмола облысында ондаған бала қызылша дертіне шалдықты

10 Қаңтар, 09:59
0
© pixabay.com
© pixabay.com

Ақмола облысында қызылша дерті дендеп барады, - деп хабарлады "КТК".

Телеарнаның мәліметінше, сырқаттанғандардың дені вакцинациядан бас тартқан отбасындағы балалар. Өңірде ауруға шалдыққандар саны 49-ға жеткен. Оның 27-сі тек Сандықтау ауданында тіркеліп отыр. Сәбилердің ыстығы көтеріліп, терісі бөртіп, тыныс жолы мен көзі қабынған соң ауруханаға жеткізілген.

"Қызылшаның кесірінен мүгедек болып қалу да мүмкін", - дейді санитар мамандар. Қазір індет ошағы Сандықтауда жұқпалы ауруға қарсы кешенді іс-шаралар жүргізілген. Сондай-ақ, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынған.

"Оның ішінде 22-сі бір жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Қазіргі кезде вакцинациядан бас тарту туралы бізде Үкіметте, Конституция бойынша, санитарлық ережелер мен талаптар бойынша ешқандай шара қолданылмайды. Сондықтан бас тарту бүгінгі таңда жылдан жылға саны көтерілуде", - деді Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Әсем Төлеубаева.

Дереккөз: КТК.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай