16 желтоқсан 2023 09:31

Ақмола облысында психиатриялық ауруханадан қашып кеткен адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы ПД Ақмола облысы ПД

Ақмола облысында Зеренді ауданы, Алексеевка ауылындағы психиатриялық ауруханадан қашып кеткен 45 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы қашқынды іздеуге жұмылдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 716.kz сайтына сілтеме жасап.

Беспалый Константин Вячеславович, 1978 жылы туған, Жақсын ауданы, Қима ауылының тумасы. Ол 14 желтоқсанда сағат 18:30 шамасында нысаннан рұқсатсыз шығып кеткен. Бұл туралы сол күні полиция бөлімінің кезекші бөлігіне телефон арқылы психиатриялық аурухананың дәрігері хабарлаған.

Белгілері: бойы 170-175, дене бітімі арық. Ерекше белгілері: қылилық Үстінде: көк капюшоны бар күртеше, қара баскиім, қоңыр етік.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ер адамды анықтау және ұстауға жұмылдырылған.

"Полицейлер азамат К.В.Беспалыйдың жүрген жері туралы мәлімет білетін азаматтарды жедел түрде мына телефондарға хабарлауды сұрайды: 8716-32-2-12-02 немесе 102, ұялы телефон: 8771-371-41-02 , 8705 -625-54-93", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети