03 маусым 2016 14:02

Ақмола облысының әкімі Кулагин өз бизнесі жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Кулагин. © Даниял Оқасов Сергей Кулагин. © Даниял Оқасов

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин бизнесі бар екенін ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин бизнесі бар екенін ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айдос Сарым Көкшетауда жер комиссиясының отырысы барысында Ақмола облысы әкімінен қандай мүліктері бар екенін сұрады. Айдос Сарымның айтуынша, Ақмола облысы әкімінің иелігінде гектар-гектар жер бар деген қауесеттер тарап жүр екен. Айтуынша, адамдар "Кулагин неліктен бизнеспен айналысады?" деп наразылығын білдірген.

 "Мен биліктен кетіп, бизнеске кеткен адаммын, - деп бастады Кулагин. - Мен бизнесте бес жыл болдым. Қалай ойлайсыздар, мен Қазақстан азаматы ретінде жер алып, айналысуыма бола ма? Әрине, мені билікке қайта шақырғанда "жерді жақындарыма өткізуге рұқсат етіңіздер, мен әкім немесе министр болып қайта билікке барамын" дедім. Иә, менің бизнесім бар, жермен айналысамын, жер өңделген", - деді Кулагин.

Сонымен қатар, жиында Адам құқықтары жөніндегі халықаралық институттың жетекшісі Жанұзақ Әкім Ақмола облысының басшысынан өңірге қытайлық инвесторлардың неліктен келгенін сұрады. Кулагин әлеуметтік желілерде бұл туралы көп жазылғанын айтты және қауесетті жоққа шығарды. "Біз қытайлармен кездескенбіз, мәселе Көкшетаудағы жылу электр станциясы жайында болды. Құны шамамен 726 миллиард теңге. Қалада ыстық су жоқ. Екінші мәселе - инвестиция жайында болды. Үшінші мәселе - біз оларға астық сатып алуды ұсындық. 300 мың гектар жерді сатып жіберді дегенді кім ойлап тапқан? Әңгімеміз ондайға жақындаған да жоқ. Жиынның хаттамасы бар, бұл кезекті қауесет", - деп мәлімдеді Кулагин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети