06 қыркүйек 2022 10:31

Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дулат Нұрмолдин Ақмола облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Дулат Нұрмолдин Ақмола облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Дулат Нұрмолдинді таныстырды", - делінген хабарламада.

Дулат Нұрмолдин 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мәскеу қазіргі заманғы гуманитарлық институтын, Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын және Көкшетау гуманитарлық - экономикалық университетін бітірген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 28 жылды құрайды

Еңбек жолын 1984 жылы СҚО, Ленин ауданы, "Образцовый" совхозының машина паркінде жұмысшы болып бастады. 1990 жылдан 1992 жылға дейін Алматы қаласында "Казводпромстройматериалы" КСМ ЦЦО 3 разрядты ілмектеуші болып жұмыс істеді. 1993 жылғы тамыздан бастап әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде Петропавл қаласы бойынша салық инспекциясының басшылық лауазымдарында болды.

2008 жылдың мамырынан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін ОҚО, Шымкент қаласы, ОҚО бойынша Салық комитетінің Салық департаментінің бастығы.

2010 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қарашасына дейін Ақмола облысы бойынша Салық департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2014 жылғы қарашада Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2015 жылғы тамызда Ақмола облысы мәслихатының хатшысы, 2019 жылдың мамыр айынан бастап Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети