Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақмола өңіріндегі ұйқышылдық ауруының алдын ала себебі анықталды

11 Мамыр 2014, 16:22
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Ақмола облысындағы ұйқышылдық ауруының алдын ала себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, жұмыс тобы қол жеткізген нәтижелердің негізінде ауру белгілерінің пайда болуына жылу маусымында жертөлелерде және желдетілмейтін тұрғын үйлерде жиналып қалатын буланудың жоғары концентрациясы себеп болды деген алдын ала қорытынды жасап отыр. "Ауруханаға жеткізілген науқастар тұратын үйлерде (оның ішінде жертөлелерде) жасалған сараптамалар соны көрсеткен", - делінген хабарламада. 

Мамандардың мәліметінше, "Радиациялық медицина және экология" ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Қ.Н.Апсалықов жетекшілік еткен жұмыс тобы кенттің табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамасын зерделеп, экологиялық зерттеулер, дәрігерлердің көмегіне жүгінген адамдардың медициналық құжаттарын сараптады. Сондай-ақ, Калачи кенті мен Красногорский ауылының тұрғындары медициналық тексеруден өткізілді.

Бұған дейін де хабарланғандай, 2013 жылғы наурыз айынан бергі кезеңде ұйқы дертіне себеп болуы мүмкін барлық факторларға қатысты 7 мыңға тарта зерттеу жүргізілді. Радиациялық фонның, ауыр металдар тұзының шекті концентрациясының артуы анықталған жоқ. Бактериялық және вирусологиялық сараптамалар теріс нәтиже көрсетті. Ауру маусымға қарай, негізінен желтоқсан айының соңы мен наурыздың басында пайда болады.

"Таралу көзін анықтау қажеттігі есепке алына отырып, материалдар ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі жанындағы ведомствоаралық комиссияға берілді. Ұлттық ядролық орталықтың өңірдегі жұмысы жалғасуда", - делінген хабарламада.

Ақмола облысында ұйқышылдық ауруының алғашқы дерегі өткен жылдың наурыз және сәуір айында тіркелді. Ол кезде 14-70 жас аралығындағы 10-ға жуық жергілікті тұрғын дәрігерге көрінген. Олардан бас ауруы, әлсіздік, шаршау, ұмытшақтық белгілері байқалды. Кейбір тұрғындар екі тәулік бойы ұйықтаған. Бүгінге дейін мұндай ауру белгісі 42 адамнан анықталды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай