25 қыркүйек 2020 07:37

Ақмолалық жедел жәрдемді бір тәулік күтіп қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақмола тұрғыны жедел жәрдемді бір тәулік күтіп қайтыс болды. Бұл шалғайда жатқан Баймырза ауылында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Ақмола тұрғыны жедел жәрдемді бір тәулік күтіп қайтыс болды. Бұл шалғайда жатқан Баймырза ауылында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жақын жердегі аурухана 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Елді мекенде су, байланыс, тіпті дүкен жоқ. Азық-түлік пен дәріні туыстары әкеліп береді.

"Дәрігер жоқ, амбулатория жоқ, медициналық көмек көрсететін адам жоқ. Жедел жәрдем шақырдық. Біздің ауылдан 70 шақырым жерде. Ол қайтыс болған соң ертесіне келді. Медбике бар, бірақ ол тек өз көмегін көрсетеді. Қалай болады, дәрі, дәріхана - ештеңе жоқ, осылай адамдар амалдайды", - деді жергілікті тұрғын Шарбан Ахметова.

Журналистер аудандық аурухананың бас дәрігері Сайлаубек Айммағамбетовке хабарласып көрді.

"Бұл ауылда медпункт бар. Ол жерде алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін қажет құралдың бәрі бар. Ал жедел жәрдем аудан орталығында орналасқан. Дәрігер амбулаториясы бар Баймырза ауылынан алыс орналасқан. 18 шақырым. Егер жедел жәрдемге шақырту түссе, олар оны дәрігер амбулаториясына жібереді, содан кейін олар бірден сол ауылға шығады", - деді ол.

Тележүргізуші тікелей эфирде тұрғынның жедел жәрдем күтіп қайтыс болғанын айтып, себебін сұрады. Ол есіне түспей тұрғанын, кейін тіпті "жоқ, ондай болмағанын" айтты.

"Бұл ауылда тұрғындарға қызмет ететін фельдшер бар. Тағы айына бір рет аудандық емханадан дәрігерлер бригадасы барып тұрады. Бірақ карантинге байланысты бармады. (...) Ол жерде бар болғаны 390 адам тұрады. Бұл ауылда дәрігер амбулаториясын жасау мүмкін емес. Ал жақын амбулатория 18 шақырым жерде орналасқан", - деді Айтмағамбетов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети