05 мамыр 2014 19:29

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанға келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews.kz иллюстрациясы tengrinews.kz иллюстрациясы

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс Астанаға іс-сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс Астанаға іс-сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"7-8 мамырда АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс Астанаға іс-сапармен келеді. Оның іс-сапары Орталық Азияның қауіпсіздігі мен өркендеуіне АҚШ-тың қолдауын растайды",- делінген таратылған хабарламада.

Қазақстанда бірінші болып Елшілігін ашқан АҚШ, аймақтық қауіпсіздік, сауда және экономика, азаматтық қоғам және адам құқықтары жөнінде ынтымақтастықты мақтаныш етеді.

"АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Бернс Қазақстанның ел басшыларымен қауіпсіздік, саясат, экономика және адам құқығы тұрғысынан екіжақты және аймақтық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды", - деп хабарлады Елшіліктің баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети