27 қыркүйек 2015 12:17

АҚШ-та Батырхан Шүкеновтің баласы әкесінің әнжинағын Назарбаевқа сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасымен оқып жатқан студенттермен кездесті, - деп хабарлайды 24.kz.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасымен оқып жатқан студенттермен кездесті, - деп хабарлайды 24.kz.

"Болашақ" бағдарламасымен Нью-Йорк және Колумбиялық университетте оқып жатқандар, сонымен қатар, Нью-Йорктің және Джордж Вашингтон киноөнер академиясының студенттері Мемлекет басшысына оқудағы жетістіктері жайлы айтып берді. Президент оларға оқуда үздік болуды тілеп, алған білімді өз елінің игілігіне арнауға шақырды.

Телеарнаның мәліметінше, қазақстандық жастардың ішінде Батырхан Шүкеновтің баласы Мақсұт та болған. Ол Америкада. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа өз әкесінің әнжинағын сыйлады. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен АҚШ-қа барған еді. Сонымен қатар Бас ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделіп отыр. Американың JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft және басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети