25 қаңтар 2016 12:49

Ақша айырбастау орындарының демалыс күндері долларды не себепті сатпағаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Russian.rt.com © Russian.rt.com

Демалыс күндері Қазақстан қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар сатылмады. Tengrinews.kz тілшісі шетел валютасының не себепті сатылмағанын елордадағы "Байлык Finance" пунктінің директоры Айгүл Салыбековадан сұрап білді.


Демалыс күндері Қазақстан қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар сатылмады. Tengrinews.kz тілшісі шетел валютасының не себепті сатылмағанын елордадағы "Байлык Finance" пунктінің директоры Айгүл Салыбековадан сұрап білді.

"Біріншіден, ақша айырбастау орындары да қорқады. Біз дүйсенбі күні бағамның не болатынын білмейміз. Яғни, доллардың үнемі өсуінен теңгені көп сақтамаймыз. Сонымен қатар, ақша айырбастау орындары қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Біз бағамды өзіміз реттей алмаймыз", - деді Айгүл Салыбекова.

Ол ақша айырбастау пункттерінің жұма күні кешке орнатылған бағамды дүйсенбіге дейін ұстап тұру керек екенін айтты.

"Биржа бізден бір бағамды дүйсенбіге дейін ұстап тұруды талап етеді. Яғни, біз өзгерте алмаймыз. Жұма күні кешкі сағат 6-да қойылған бағам дүйсенбі сағат 9-ға дейін өзгертілмейді. Жағдай қиын", - деді Салыбекова.

Ол демалыс күндері экономикалық трендтің өзгеріп, доллардың арзандай бастағанын жеткізді.

"Валюта бағасы - экономикамыздың бағасы. Біз жағдайдың не себепті бұлай болғанын кеш білдік. АҚШ-та қар көшкіні болып, 85 миллион шығынға ұшырады. Осыған байланысты доллар құлдырай бастады. Дегенмен мұны ешкім алдын ала білмейді ғой. Экономикаоық трендте доллар арзандады, ал біз жұма күнгі бағамды өзгерте алмай отырдық", - деді ол.

"Біз доллардың қымбаттауынан сақтанамыз. Бағам қайта өсіп кетуі мүмкін деген қауіппен отырамыз", - деді Айгүл Салыбекова қазіргі уақытта доллардың сатылымында ешқандай мәселенің жоқ екенін айта отырып.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети