28 қыркүйек 2018 13:56

Ақтау мен Үргеніш бауырлаc қала

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының делегациясы Өзбекстанның Хорезм облысына жасаған сапары барысында бірқатар құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облысының делегациясы Өзбекстанның Хорезм облысына жасаған сапары барысында бірқатар құжатқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Маңғыстау мен Хорезм облысының әкімді, Ақтау және Үргеніш қаласыныңәкімдігі арасында (Өзбекстан Республикасы) экономикалық, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты кеңейту мақсатында келісімге келді.

Меморандумға сәйкес, Ақтау  және Үргеніш қалаларының әкімдіктері сауда-экономикалық, білім беру, туризм, жастар саясаты, дене шынықтыру және спорт саласында ынтымақтастықты жүзеге асырмақ.

Сонымен қатар, "Морпорт Ақтау" АЭА мен "Хазарасп" АЭА, Маңғыстау облысы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мен Өзбекстан сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары: кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру, сыртқы экономикалық және экспорттық қызметті ынталандыру, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және инвестиция тарту.

Бұдан басқа, серіктестік қарым-қатынасты одан әрі дамыту және шекаралас өңірлер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша B2B кездесу өтті.

Маңғыстау облысындағы көкөністерді жеткізу бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі туралы ауызша келісімге қол жеткізілді. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бәсекелестік ортаны қалыптастыру және өңірдегі бағаны тұрақтандыру мақсатында ауылшаруашылық басқармасына өңірдегі көкөніс пен жеміс бағаларына мониторинг жүргізуді тапсырды.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов өзбекстандық әріптесі Фарход Эрмановты Маңғыстауға жұмыс сапарымен келуге шақырды.

Сондай-ақ, екі облыс арасындағы  ортақ мәселелер оңтайлы шешілу үшін Ақтауда Өзбекстанның бас консулдығын ашу туралы ұсыныс айтылды. Бұл мәселені үкметтік деңгейде көтеретін боламыз деді, тараптар. Сапар барысында маңғыстаулықделегация Хорезм облысындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, "UZ XCMG" арнайы техника жинау (бульдозерлер, экскаваторлар), "Ургенч Текстиль" тоқыма зауыты, "UZ TEX"шұлық өндіретін автоматтандырылған зауыт жұмысымен танысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети