21 ақпан 2020 12:58

Ақтау тұрғыны бір топ қоқиқазды көктен видеоға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау тұрғыны Сергей Хачатрян Қаракөлдегі қоқиқаздарды аспаннан коптер көмегімен видеоға түсірді, - деп хабарлайды Lada.kz.


Ақтау тұрғыны Сергей Хачатрян Қаракөлдегі қоқиқаздарды аспаннан коптер көмегімен видеоға түсірді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Сергей Хачатрян жыл сайын Ақтау маңындағы Қаракөл көліне ұшып келетін қоқиқаздарды видеоға түсіріп, ролик жасаған. 

"Қоқиқаздар көлдің ортасына жиналған, сондықтан мен оларды шусыз коптермен жақындатып түсірдім. Соның арқасында құстар қорыққан жоқ", - деді Сергей Хачатрян.

Бұған дейін Маңғыстау облысына қоқиқаздар ұшып келгені мәлім болған.

Біздің құстарымыздың көбі алыс елдерде қыстап, ұя салатын жерден мыңдаған шақырым қашықтықта "саяхаттайды". 

Қоқиқаз - Қазақстанның бірнеше жерінде ғана жұмыртқалайды: Каспий теңізінің солтүстік-шығыс нүктесінде, Шалқартеңіз көлінің аумағында оған іргелес тұзды көлдерімен (Жыланшықтың төменгі жағында Жаман Ақкөл, Ащытастыкөл және, бәлкім, басқа жерлерде) және Нұра сулары құятын Теңіз көлінде.

Бізде шамамен 50-100 мың қоқиқаз өмір сүреді, олардың басым бөлігі Теңіз көлінде ұшады, ал қалғандары (бәлкім 10-20 мың) Каспийде не Шалқартеңіз аумағында жұмыртқалайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети