20 ақпан 2022 10:21

Ақтауда 15 миллион теңгеге отырғызылған пластик гүлдер қалай өзгереді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж ©Lada.kz. Фото: Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Facebook-парақшасынан Коллаж ©Lada.kz. Фото: Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Facebook-парақшасынан

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Facebook-парақшасында пластик қызғалдақтарды алмастыратын жаңа қондырғылар эскизін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Facebook-парақшасында пластик қызғалдақтарды алмастыратын жаңа қондырғылар эскизін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін "Гүл алқабы" инсталляциясы қаңтардағы митингілер кезінде бүлінгені хабарланған болатын. Ақтау әкімінің айтуынша, қымбат электроника зардап шеккен.

Сөйтіп, Нұрдәулет Қилыбай жұмысы аяқталмаған қондырғыны жаңа композицияға ауыстыруды ұсынған.

"Бұл жолы қала атауын гүлдер композициясы орнына қоюды жөн көрдік. Екі нұсқа дайындалды. Қалай ойлайсыздар, қайсы жақсы?" - деп сұрады Ақтау әкімі қала тұрғындарынан.

Жобалар өзгеруі мүмкін екені ескертілді.

Еске салайық, Ақтаудағы Ынтымақ алаңындағы көгалдың орнына бюджеттен 15 404 000 теңгеге пластикалық "гүл алқабы" жасалды. Әкімдікте безендіру, жарықтандыру бойынша жұмысты "Clover media group" ЖШС жүргізді, компаниямен Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 16 қыркүйекте келісімге қол қойғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети