18 мамыр 2022 12:59

Ақтауда әскерден қашып кеткен сарбаз қалай жазаланады?

6656 "Батыс" өңірлік қолбасшылығы командирі Марат Рахпанов Ақтауда әскерден қашып кеткен сарбаз қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды "Лада"


6656 "Батыс" өңірлік қолбасшылығы командирі Марат Рахпанов Ақтауда әскерден қашып кеткен сарбаз қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды "Лада"

Рахпановтың сөзінше, бүгінде сарбаз Бағлан Әділбеков әскери бөлімде. 

"Қатардағы қызметкер заңсыз қарым-қатынас деректері болмағанын айтып отыр. Ешқандай наразылығы жоқ. Ол ата-анасымен кездесті, олардың да ешқандай наразылығы жоқ", - деді командир. 

Басылым мәліметінше, қызметтік тергеу басталды. Істің жай-жапсары анықталады. 

"Қылмыстық іс жоқ. Ол не әкімшілік тәртіпте жазаланады, не тәртіптік жазаға тартылады. Қандай жағдай болса да бұл әрекет үшін жауапкершілік шарасы бірқатар лауазымды тұлғаға жүктеледі", - деді Рахпанов. 

Еске салайық, 16 мамырда Ақтауда әскерге шақырылған сарбаз қашып кеткені хабарланған болатын. Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімі бұл деректі растады. Әскер қатарына шақырылған 18 жастағы сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамырда түнгі сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан кетіп қалған. Артынша, inAktau басылымы дереккөздерге сілтеме жасап, әскерден қашып кеткен сарбаз табылғанын хабарлаған болатын. "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Бағлан Әділбеков табылғаны туралы ақпаратты растады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети