17 мамыр 2022 15:11

Ақтауда сарбаздың әскерден қашуы: оқиғаның мән-жайы анықталды

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы өкілдері Ақтауда сарбаздың табылуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды inAktau басылымы. 


"Батыс" өңірлік қолбасшылығы өкілдері Ақтауда сарбаздың табылуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды inAktau басылымы. 

Бұған дейін басылым дереккөздерге сілтеме жасап, әскерден қашып кеткен сарбаз табылғанын хабарлаған болатын. "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Бағлан Әділбеков табылғаны туралы ақпаратты растады. 

"17 мамырда сағат 07:15-те 6656 әскери бөлімінің сарбазы Бағлан Әділбеков Ақтаудағы полиция бекетіне өзі келді. Ол ата-анасымен кездескен. Қызметтік тергеу жүріп жатыр", - деді ведомство өкілдері. 

Еске салайық, 16 мамырда Ақтауда әскерге шақырылған сарбаз қашып кеткені хабарланған болатын. Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімі бұл деректі растады. Әскер қатарына шақырылған 18 жастағы сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамырда түнгі сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан кетіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети